Байланыс телефондары:
+7(7172) 20–44–53
+7(701) 533-12-29
» » Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі депутаттық тобының мүшелері «Қазконтент» акционерлік қоғамының офисінде болып, Ассамблеяның мультимедиялық порталы қызметімен танысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі депутаттық тобының мүшелері «Қазконтент» акционерлік қоғамының офисінде болып, Ассамблеяның мультимедиялық порталы қызметімен танысты.

17 апрель 2019, Среда
905
0
                                                         
 
Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі депутаттық тобының мүшелері «Қазконтент» акционерлік қоғамының офисінде болып, Ассамблеяның мультимедиялық порталы қызметімен танысты. 
Алдымен қоғамның интернет-жобаларымен танысу экскурсиясы өтті. Бұл «bnews.kz», «baq.kz», «strategy2050.kz», «primeminister.kz» топты бастаушы ақпараттық агенттіктер, «adebiportal.kz», «e-history.kz», «el.kz», «ruh.kz», «assembly.kz» тақырыптық порталдар және «kaztube.kz» бейнепорталы. 
 «Аssembly.kz» тақырыптық порталдың ақпараты бойынша, акционерлік қоғамның төрағасы Д.Кожахметов жиынға қатысушыларға ұйымның жалпы жұмысы туралы ақпарат беріп, интернет-жобалар, соның ішінде Ассамблея порталы күн сайын көрсеткіштерін жақсартып келе жатқанын атап өтті. Қазақстан этностарының мәдениетіне, тарихына, дәстіүрлері мен әдет-ғұрыптарына қызығушылық танытып жүрген  сайт аудиториясының өсу серпіні байқалады. 
«Assembly.kz» интернет-жобасы жайында оның бас редакторы Н. Бидосов баяндап берді. Презентация кезінде ол атқарылған жұмыстар және сайттың қазіргі жағдайы туралы айтты. 2019 жылдан бері порталда 1200 жарияланым жарық көрді. Ассамблеяның порталы мультимедиялық болып табылады, аудио-, фото- және бейнеконтентке ерекше назар аударылады.  
Сайт аудиториясының назарына тек мәтіндік жаңалықтарды ғана емес, оқу-үйрету бейнероликтері де ұсынылады. Қазақстан этностарының түрлі шығармашылықтарын аспапта ойнауды үйрету. Сондай-ақ сайтта әлем ертегілерін тыңдауға, 3D турмен жүруге болады. Күн сайын бөлімдерді танымдық контентпен толықтыру арқылы сайтқа келушілердің саны өсуде. Әлеуметтік желілерде материалдарды ілгерілету жұмыстары жүргізілуде. 
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Хатшылық меңгерушісі 
Ж.Қ. Түймебаев, Мәжіліс депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі депутаттық тобының жетекшісі   С. Абдрахманов және «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының мәдениетін дамыту  қауымдастығы» басқармасының мүшесі  Ю.Келигов интернет-порталдардың бүгінгі ел өмірі мен тіршілік-қызметіндегі өзектілігін атап өтіп, олардың жұмысын арттыру бойынша өз ойларымен бөлісті. 

Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры