Байланыс телефондары:
+7(7172) 20–44–53
+7(701) 533-12-29
» » Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов зиялы қауыммен кездесті.

Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов зиялы қауыммен кездесті.

31 январь 2019, Четверг
753
0
Ұлттық академиялық кітапханада жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әнес Сарайдың «Еділ-Жайық» атты трилогия кітабының тұсаукесері болып өтті.
         Іс-шарада Сауытбек Абдрахманов сөз сөйлеп, трилогияның көркемдік қасиеттеріне жан-жақты тоқталды. Бұл туындылардың зор маңызына тоқталып, ел үшін пайдалы, әдебиет, мәдениет қауымы үшін шығармашылық негіз болатынына сенім білдірді. 
         «Еділ-Жайық» роман трилогия кітабы 1919-1920 жылдар арасын қамтитын, құжаттық-деректілік негізде жазылған шығарма. Ол «Ұлу аралы», «Еділ-Жайық» және «Мұз кешу» атты үш кітаптан тұрады. Басты кейіпкерлер өмірде болған адамдар. «Ұлу аралы» романында Ахтан Мұхамбедиев, Ізбасар Жанекенов, Қажығали Жақынбаевтардың қиын қыстау тағдыры баяндалады.  
           Автор бұл кітабында Оралға арналған шайқас туралы тарихы деректерді жазады. 1966 жылы «Еділ-Жайық» романы жұртшылықтың жоғары бағасына ие болып, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын алды. 
Әнес Сарай – қазақ жазушысы, драматург, журналист, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Қараша өткен соң», «Бозқырау», романы «Тосқауыл», «Алтын арал», «Исатай — Махамбет тарихы» және т.б. шығармалардың авторы.
           1989 жылы «Қараша келгенде» атты орыс тіліндегі әңгімелер жинағы шықты.
           Жазушының «Ару-Алматы», «Менің уақытым», «Тотип Қалды» және т.б. туындылары негізінде республика театрларында пьесалар қойылды.
            Іс-шараға  зиялы қауым өкілдері – Төлен Әбдік, Сұлтан Оразалинов, Серік Негимов, Ғарифолла Есім, Ғаділбек Шалахметов, Қуаныш Жиенбай қатысып, ізгі тілектерін білдірді. 

Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры