Байланыс телефондары:
+7(7172) 20–44–53
+7(701) 533-12-29

Өмірбаяны

25 июнь 2019, Вторник
1 157
0
1951 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Ұя ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1976 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірді. Филология ғылымдарының докторы. Профессор.
 Еңбек жолын 1975 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінің редакциясында әдебиет және өнер бөлімінің тілшісі болып бастаған. 1980 жылдан кеңес құрылысы бөлімінің, 1983 жылдан партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі, редакциялық алқаның мүшесі болды.
 1987-1990 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінде Насихат және үгіт бөлімінің нұсқаушысы, мәдениет секторының меңгерушісі, Президенттік кеңестің кеңесшісі қызметтерін атқарды. 1991 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Аппаратына ауысып, 1995 жылға дейін Мәдениет және ұлтаралық қатынастар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бірінші орынбасары болды.
 1995-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. 1997-2000 жылдарда – «Қазақстанның телевизиясы мен радиосы» республикалық корпорациясының бірінші вице-президенті.
 2000-2016 жылдары «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті.
 2003-2004 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ақпарат министрі қызметін атқарды.
 2016 жылғы 24 наурыздан бері алтыншы шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының жетекешісі.
 С.А. Абдрахманов – қазақ және орыс тілдеріндегі көптеген кітаптардың авторы, олардың арасында «Біздің Пушкин», «Төлтума мен телтума», «Перевод поэзии и поэзия перевода», «Тәуелсіздік шежіресі», «Адамзат күнтізбесі», «Вер бана ат. Пушкинтану парақтары», «Коран и Пушкин» кітаптары, «Жиырмасыншы ғасыр жырлайды» атты қазақ поэзиясының қос томдық антологиясы, сондай-ақ журналистік іссапарлармен әлемнің елу сегіз мемлекетін аралаған қаламгердің шетелдік репортаждары жарияланған «Қашаған құрықтаған Қазақстан» жинағы бар. Бейбарыс сұлтан туралы арабтың халықтық романын, В. Гюгоның «Аласталғандар» романын аударған.
 «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері», «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атақтары бар. «Парасат» орденімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен наградталған. Бірнеше медальдің иегері. Журналистика саласындағы Президент сыйлығының, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Пушкинистика саласындағы еңбегі Ресей Сөз өнері академиясының «Ревнители просвещения» медалімен аталып өткен.
 Отбасылы, төрт баласы бар.

Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры