Байланыс телефондары:
+7(7172) 20–44–53
+7(701) 533-12-29
» » Сауытбек Әбдірахманов: Басты мақсатымыз – бейбітшілікті нығайту

Сауытбек Әбдірахманов: Басты мақсатымыз – бейбітшілікті нығайту

07 февраль 2019, Четверг
761
0

Астанадағы Достық үйінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты – Қазақстан Халқы Ассамблеясы депутаттық тобының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Сауытбек Абдрахманов ҚХА-ның этномәдени бірлестіктерімен кездесті

Басқосуға Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Л.Құсайынова, Астана қаласының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Н.Айдашев, этномәдени орталықтардың төрағалары, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының қалалық штабы мүшелері, Аналар кеңесі, Қоғамдық келісім кеңесі мүшелері және дін өкілдері қатысты.

Жиында Астана қаласында орын алған қайғылы оқиғада шейіт болған бес баланың қазасына құран бағышталды. Осы орайда Яхияхаджи қажы Исмаилов Діни басқармасы қазалы отбасыға он үш миллион көлемінде көмек көрсеткенін айтты.

Кездесу барысында Сауытбек Абдрахманов ҚХА депутаттық тобының қызметі жөнінде түсінік бере отырып, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына тоқталып өтті.

«2018 жылдың қазан айында Ботай жерінде болып, Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы энеолит дәуіріндегі мәдениет ескерткішін көрдім. Төрт мың жыл бұрын ол жерде алғаш рет жылқы қолға үйретілген – бұл бүкіләлемдік қауымдастық мойындаған ғылыми дәлелденген факт. Ұзақ жылдар бойы жылқының қайда үйретілгені туралы даулар болды. Қазір бұл мәселеге нүкте қойылған. Өткен жылы мен Парижде болғанда, Эйфель мұнарасының жанындағы Адам мұражайына бардым. Ол жердегі дөңгелек залда адамзаттың он ұлы жаңалығы орналасқан екен, соның ішінде жылқының доместикациясы (үйсіну) болды. Француз тілінде мынадай сөздер жазылған: Ботай мәдениеті Орталық Азия оазисі географиялық қиылысында орналасқан. Дәл осы жерде б.з. б. төрт мыңжылдықта адам алғаш рет жылқыны үйретті.

Францияның Париж орталығында жылқының доместикациясы алғаш рет Қазақстан даласында орын алған фактіні жалпы әлемдік мойындау бар.

Бұл адамзат тарихының бүкіл революциясын білдіреді.

Мыңдаған жыл бұрын доместикация басталды, ол тек жануарларға ғана емес, өсімдіктерге да қатысты. Бүгінгі таңда өсімдіктердің қырыққа жуық түрі адамзаттың азық-түлікке деген сұранысын толық қанағаттандырады. Оның ішінде сегіз түрі азық-түліктің алпыс алты пайызын құрайды (бидай, күріш және т.б.).

Доместикациядан кейін өмір мүлдем өзгерді. Осыдан кейін алғаш рет адамдарда артық азық-түлік пайда болды, бұл қоғамның әлеуметтік бөлінуіне алып келді. Басшылар мен бағыныштылар пайда болды» – деді депутат.

Қазақстан халқы Ассамблеясының көшін бастап тұрған астаналық ҚХА десек, оның хатшылығы меңгерушісі Ләззат Құсайынова да ел алдында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Меңгерушінің сөзінше, қазіргі уақытта Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты жиырма екі этномәдени орталық пен он екі этнолингвистикалық орталық бар. Этнолингвистикалық орталықтарда әрбір ұлттың балалары өз ұлтының тілі мен мәдениетін үйренеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясында Қоғамдық келісім кеңестерінің рөлі орасан зор. Олар «Ақмола вагон жөндеу зауыты», «Ұлттық медициналық холдинг», «Цесна-астық концерн» акционерлік қоғамдары, «Астана су арнасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, «Астана орманы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сынды қаланың ірі бес ұйымдарында орналасқан.

Сондай-ақ, астаналық Ассамблея жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңесі мен Аналар кеңесі қарқынды жұмыс істеп, Ассамблея инситутына жүктелген маңызды міндерттерді жүзеге асыруда көп көмек көрсетуде.

Қайырымдылық жасау – ең бір сауапты істің бірі десек, Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі қайырымдылық қызметінің үйлестірушісі болып келе жатқандығын айтуға тиіспіз. Бұл тұрғыда, қала көлемінде меценаттар клубы құрылып, тек 2018 жылдың өзінде бір жүз бес қайырымдылық іс-шаралары өткізілді. Оған он сегіз мың төрт жүз алпыс мың адам қатысқан.

Сонымен қатар, Қалалық Ассамблея мен «Нұр Отан» қалалық партиясы арасында өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бірлескен жұмыс жоспарын жүзеге асыру аясында Ішкі істер департаментімен, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасымен, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен, Ұлттық гвардиямен бірігіп ауқымды жұмыстар атқарылуда

Астаналық Ассамблеяның ілкімді істері әрбір аймаққа үлгі-өнеге десек, артық айтқандық емес. Мәселен, өткен жылы аймақтық Ассамблеяларға үлгі стандарты ретінде астаналық Ассамблеяның даму бағдарламасын бекітілген-ді. Бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында Мемлекет басшысының тапсырмасы болатын.

«Бағдарламаның бір тарауы Достық үйінің қызметіне арналған. Біз Достық үйін мықты идеялар мен жағымды істерді тартатын орынға айналдыруды мақсат етеміз. Сол үшін баршаңызды күш біріктіруге шақырамын.

Ұлтаралық бірлікті сақтауда этномәдени орталықтардың жастар қанаты өз тараптарынан үлкен үлес қосып отыр. «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының қалалық штабын құру – Елордалық Ассамблеяның даму бағдарламасына жасаған қадамы. Алдағы уақытта Достық үйінде барлық заманауи технологияларды қолдана отырып, коворкинг орталығын ашпақпыз. Бұл орталық біздің жастардың позитивті күш-қуаттарын жетілдіретін орынға айналатынына сенімдімін», – деді Ләззат Құсайынова.

Астаналық Ассамбея жетекшісінің айтуынша, Достық үйінің базасында этномәдени орталықтар үшін мемлекеттік тілді үйрету орталығы мен қолөнер шығармашылығы орталығы құрылмақ. Мұнда үнемі тақырыптық көрмелер, жәрмеңкелер, археологиялық экспозиция өткізілмек. Аталмыш істердің барлығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының аясында жүзеге аспақшы.

Сондай-ақ, этномәдени орталықтардың құзіретін одан әрі дамыту көзделуде.

Қазіргі таңда жиырма бес шығармашылық ұжымдардың жетекшілері «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемелекеттік мекемесінде жұмыс істеп отыр. Он екі жексенбілік мектептің отыз тоғыз педагогына қалалық бюджет есебінен жалақымен қамтамасыз естілуде. Мұның барлығы қарқынды жұмыстың атқарылып жатқандығының көрінісі екені анық.

«Бірігіп жұмыс істеп, жауапкершілікті күшейту арқылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының мәртебесін одан әрі асқақтатуымыз керек», – деп түйіндеді сөзін Л.Құсайынова.

Жиын барысында «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы» ашық қоғамының төрағасы Башир Солсанов та сөз алып, аталмыш орталықтың тыныс-тіршілігі турасында толығырақ баяндап берді.

«Вайнах» орталығы ұлттық мәдени құндылықтарды сақтап, оны дамыту жолында жас ұрпаққа қазақстандық патриотизмді сіңіріп, еліне адал болуға тәрбиелеу ісіне белсене араласып келеді. Қазіргі уақытта «Вайнах» ансамблі жүзден астам балаға шығармашылықпен айналысуға жағдай жасап отыр.

Сондай-ақ, салауатты өмір салтына байланысты спорт клубын құру арқылы барлық ұлт өкілдерінің балаларының спортпен шұғылдануына мүмкіндік туғызып отыр.

«Вайнах» орталығының тағы бір жетістігі – мешіт салып, онда балалардің арабша оқуына септігін тигізіп келеді. Оның жанынан балаларға жазғы сауықтыру лагерін құра отырып, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар үйретіп келеді.

Басқосу соңында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚХА депутаттық тобының жетекшісі Сауытбек Абдрахманов бірқатар этномәдени орталық мүшелеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелік куәліктерін салтанатты түрде табыстады.

https://kaznews.kz/news/448171

Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры