Мәжіліс депутаты С. Абдрахманов «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанатында
Мәжіліс депутаты С. Абдрахманов «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанатына сөз сөйлеп, әрбір халықты және әрбір адам үшін ауылдың маңыздылығын атап өтті.
«Қоғамымыздың дамуына, мемлекетіміздің өркендеуіне өз үлестерін қосқан және қосып жүрген, тек қана елімізде емес, бүкіл дүние жүзіне танымал тұлғалардың көбі ауылдан шыққан азаматтар. Ауылда туып, азамат болып қалыптасып, кәсібилік, шығармашылық шыңдарға жетті. Бүгінгідей сайыстар бізге өте керек, өйткені олар жастардың өз болмысын көрсетуге, шығармашылық ой-өрісін арттыруға ынталандырады және қаламгерлікпен мақсатты айналысуға ықпал етеді», - деді ол.
Іс-шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік құрылымдардың, қызметкерлері, жұртшылық, БАҚ өкілдері қатысты.
«Ауыл» Халықтық-демократиялық партиясы осы сайысты бірнеше жылдар бойы өткізіп келеді. Конкурстың мақсаты – қазақстандықтардың патриоттық сезімін, өз Отанына деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға септесу, ауыл құндылықтарын насихаттау, ауылдың рухани өмірін, тыныс-тіршілігін, ауылда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерді суреттеу, ақындар мен жазушыларды қолдау және шығармашылықты дамыту. «Қазконтент» АҚ «Әдебиет» порталымен бірлесіп ұйымдастырылған конкурс мынадай номинацияларды қамтыды: «Ауыл тақырыбына арналған үздік проза» (эссе, әңгіме, повесть): «Ауыл тақырыбына арналған үздік поэзия» (өлең, баллада, поэма): «Ауыл тақырыбына арналған үздік драматургия». Және қосымша 10 үздік қаламгерге арнайы жүлделер белгіленді.
Талқылау
Сондай-ақ оқыңыз:
02 декабрь 2011, Пятница
ЖУРНАЛИСТИКА ӨЗГЕЛЕР АМАНДАСА ДА АЛМАЙТЫН АДАМДАРМЕН АРАЛАСЫП-ҚҰРАЛАСТЫРАДЫ
Пікірлер (0)